Қоғам • 17 Сәуір, 2023

Жаңаөзендегі жарылыста зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккендердің бірі 1972 жылы туған ер адам Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жедел жәрдеммен жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңаөзендегі жарылыста зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді

«Дәрігерлер зардап шеккен адамға денесінің 60-70 пайызын күйік шалған деген диагноз қойды. Науқас жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Тиісті ем-дом жүргізілуде», деп мәлім етті Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетсек, бүгін Жаңаөзен қаласының 2-мөлтек ауданындағы 2 қабатты үйде жарылыс болып, 13 адам зардап шеккен еді. 

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлығы 4 адам қаза тапты.