Құқық • 17 Сәуір, 2023

Әкімшілік құқық туралы кітап

654 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада «Қазақстан Республикасының жалпы әкімшілік құқығы» атты кітабының тұсауы кесілді. Туынды авторы – заң ғылымдарының докторы Роман Мельник. Салтанатты іс-шара еліміздегі белгілі оқу орындарының бірі Мaqsut Narikbayev University-інде өтті.

Әкімшілік құқық туралы кітап

Іс-шарада автор Роман Мельник хабарлама жасап, жиын қатысушыларына жаңа еңбегінің мазмұн мен негізгі ережелеріне шолу жасады. Үш томдық оқулықта Қазақстан Республикасының жалпы әкімшілік құқығының негізгі ережелері көрсетіліп, құқық қолдану практикасына баса назар аударылған. Тарихи, халықаралық және ұлттық тәжірибе ерекшеліктерінің объективі арқылы жекелеген әкімшілік-құқықтық нормалары мен институттары жан-жақты талданыпты.

Жиында университет проректоры Сергей Пен ұжым үшін бұл форматтағы оқулықтың маңыздылығын айтып, келесі профессор Мүслім Хасеновтың еңбек құқығы бойынша туындының тұсаукесерін жариялады.

– Оқу ордамыз ұзақ уақыт бойы оқулықтар шығармады. Бүгін біз өзіміздің көзқарасымыз бен түсіні­гімізді сәл өзгертіп, кітап шығару тәжірибемізді қайта жандандырдық. Maqsut Narikbayev university брендімен жұртшылыққа жол тартатын туындылар өз ісінің этикасының жоғары деңгейімен толықтырылады. Осы ретте біз заң ғылымының жаңа бір тынысын аштық дей аламын, – деді ол.

Кітап заң бағытындағы жоғары оқу орындарының студенттеріне, заң саласының өкілдеріне, сондай-ақ әкімшілік құқықтық мәселелерді зерттеумен айналысатын ғалымдарға арналған.