Президент • 18 Сәуір, 2023

Президент төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтеді

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 19 сәуір күні еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға Премьер-министр, Парламент палаталарының спикерлері, Президентке тікелей есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудандардың әкімдері, Сенат пен Мәжілістегі парламенттік фракциялар мен комитеттердің жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары қатысады.