Шахмат • 18 Сәуір, 2023

Бибісара Асаубаева төрт дүркін әлем чемпионын жеңді

11014 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бибісара Асаубаева әлем және Қазақстан әйелдер құрамалары арасындағы алғашқы кездесуде шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, Қытай шахматшысы Хоу Ифаньді жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бибісара Асаубаева төрт дүркін әлем чемпионын жеңді

«Әзірге ойындағы есеп әлемнің жұлдызды командасының пайдасына шешілді, бірақ біздің Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньді жеңілгенін мойындауға мәжбүр етті. Бибісара ФИДЕ рейтингінде ең жоғары тұрған әйел шахматшыны жеңді! Бұл нағыз сенсация! Бибісара 2021 жылы шахмат тарихындағы ең жас блиц чемпионы болды, соның арқасында ол Гиннестің рекордтар кітабына енді, ал 2022 жылы блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды! Бүгінде Бибісара бізді керемет жаңалықпен қуантуда, бұл шынымен де керемет жеңіс!», делінген хабарламада.

Еске салайық, Бибісара Асаубаева Нью-Делиде өткен ФИДЕ Гран-при турнирінде екінші орын алған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Табиғат сынағына тосқауыл

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Келелі кеңес келешегі

Пікір • Бүгін, 08:58

Сот төрелігіне сенім артып келеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55

Астықтан – азыққа дейін...

Өндіріс • Бүгін, 08:40

Алғыс арқалаған әкім

Қоғам • Бүгін, 08:38

Интернатта оқып жүр...

Білім • Бүгін, 08:28

Жамбыл бабадан бата алған

Зерде • Бүгін, 08:25