Қоғам • 18 Сәуір, 2023

Шекарадан 33 миллион рубль шығармақ болған ер адам ұсталды

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан азаматы елден қолма-қол 33 миллион рубль алып кетпек болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шекарадан 33 миллион рубль шығармақ болған ер адам ұсталды

ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті хабарлағандай, 17 сәуірде «Қайрақ» автокөлік өткізу бекетінде «Тойота Ланд Крузер» автокөлігін тексеру кезінде 33 миллион рубль сомасында (404 858 доллар) қолма-қол ақша табылған. Автокөлікті Қазақстан азаматы басқарған.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасынан шетел валютасын, алтын құймалары мен монеталарды әкетуге тыйым салынды. Қазақстан азаматының шетелге шығуына рұқсат етілмеді. Бұл факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізіледі», делінген департамент таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін шекарашылар Қостанай облысындағы «Қайрақ» бақылау-өткізу бекетінде жалпы құны 11 миллион теңгені құрайтын темекі контрабандасының жолын кескен еді.