Жаңаөзен қалалық ТКШ бөлімі хабарлағандай, жарылыс орнына жақын орналасқан көппәтерлі үйлер газдан уақытша ажыратылады.
- «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жаңаөзен филиалының мамандары жарылыс болған аумақты газбен жабдықтау жүйесін тексеріп жатыр. Біз тұрғындарға газды уақытша өшіргенімізді хабарладық, өйткені газбен жабдықтау жүйесін тексеру қажет. Тексеру жұмыстары шамамен 2-3 күнге созылады, содан кейін газ қайта қосылады, - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 17 сәуір күні таңертең Жаңаөзен қаласының екінші шағынауданында орналасқан көпқабатты үйде газ жарылды. Жарылыс алаңы 150 шаршы метрді құрады. Оқиға салдарынан 4 адам қайтыс болды, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.