Қала ұйымдарында сейсмикалық оқу-жаттығулар тоқсан сайын өткізіледі. Бірінші тоқсанда 2,8 мыңнан астамы орындалды.
Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – тұрғындарды эвакуациялау жолын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, апат кезінде қажет чемодандарды дайындауы үшін қала тұрғындарының төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру.
Қауіпсіз орындар – электр желілері мен ғимараттардан алыс орналасқан ашық жерлер.
Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Жыл сайын қалада 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Бұл ретте күші 2-ден 4 балға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим болып саналады. Сейсмология институтының болжам комиссиясының мәліметінше, жыл соңына дейін қалада 7 және одан да көп балдық жер сілкінісі болмайды. Сондықтан жүргізіліп жатқан қалалық сейсмикалық дайындық жер сілкінісі болады деген болжамға еш қатысы жоқ.