Келеңсіз жағдай Францияның Эльзас қаласында орын алған. Күзетшілер президентті жабуға тырысқан, алайда жұмыртқа француз көшбасшысының маңдайына дәл тиген.
Айта кетейік Макрон мұндай жағдайға бірінші рет тап болып отырған жоқ. 2021 жылдың қыркүйегінде Лиондағы халықаралық тамақтандыру және қонақжайлылық жәрмеңкесі аясында Макрон көрмені аралап бара жатқанда оған жұмыртқа лақтырған. Ол президенттің иығына тиген еді. Қауіпсіздік қызметі шабуылдаушыны дереу қолға түсірген болатын.