Аймақтар • 20 Сәуір, 2023

Павлодар облысында жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Тұрсын» шаруа қожалығының маңында 16 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен Екібастұз қаласының 34 жастағы тұрғынының мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

Фото: Polisia.kz

Жергілікті полицияның мәліметінше, әйелдің мәйіті қардан табылған, оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қазір мәйіт табылған жерде оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. 

Еске салайық, 16 сәуірде Бесқауға ауылының тұрғындары ВАЗ-2104 автокөлігімен дала алқабында жоғалып кеткен ірі қара малды іздеуге кеткен болатын. Сағат 19.00 шамасында жұбайы көлікке оралып, әйелін күте бастады. Әйелі оралмаған соң, ер адам полицияға жүгінді.

Полиция жедел - іздестіру іс-шараларын жүргізді. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін үш техника жұмылдырылды. Төрт іздеу тобы, оның ішінде Екібастұз қалалық полиция бөлімінің жеке құрамы, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар бар. Іздеу жақын маңдағы елді мекендердің дала алқаптарында жүргізілді. Бағдарлар барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне жіберілді.