Қаржы • 20 Сәуір, 2023

Заңсыз тәркіленген активтердің 670 миллиард теңгесі Қазақстанға қайтарылды

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгінге дейін шетелге заңсыз шығарылған 670 миллиард теңгеге жуық актив қайтарылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заңсыз тәркіленген активтердің 670 миллиард теңгесі Қазақстанға қайтарылды

«Бүгінге дейін 670 миллиард теңгеге жуық қаржы қайтарылды. Бұл ресми деректер. Бұл ақпаратты Бас прокуратура беріп отыр», деді Ерұлан Жамаубаев.

2022 жылдың қарашасында Бас прокуратура 630 млрд теңге сомасын атады.

2022 жылдың 20 қазанында ҚР Премьер-министрі жемқор шенеуніктерден тәркіленген 100 миллиард теңге қараша айында салынып жатқан мектеп құрылысына бағытталатынын айтқан еді.