Ғылым • 20 Сәуір, 2023

Техаста Starship ғарыш кемесі ұшырылды

1180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Техас штатында орналасқан ұшыру алаңынан Starship ғарыш кемесі ұшырылды, деп хабарлайды Egemen.kz «РИА Новости» сайтына сілтеме жасап.

Техаста Starship ғарыш кемесі ұшырылды

Алыс ғарышқа ұшуға арналған кеме Астана уақытымен 19:33-те ұшты.

Алайда, ұшырудан үш минут өткен соң, төтенше жағдай орын алды – зымыран кенеттен айнала бастады.

Бірінші рейс барысында SpaceX зымыран тасығышты сақтап қалуға тырыспады, көп ұзамай Super Heavy кемесінің бірінші сатысы Мексика шығанағына түскен.

Алдын ала болжам бойынша, Starship шамамен 234 шақырым биіктікке көтеріліп, Жерді айналып өтіп, Гавай аралдарының жанындағы Тынық мұхитына құлауы керек.