Аймақтар • 21 Сәуір, 2023

Маңғыстауда қызғылт қоқиқаздардың өлексесі табылды

653 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында мектеп оқушысы «Қызыл кітапқа» енген бес қызғылт қоқиқаздың өлексесін тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда қызғылт қоқиқаздардың өлексесі табылды

20 сәуір күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Қызыләскер ауылы маңында мектеп оқушысы «Қызыл кітапқа» енген қызғылт қоқиқаздардың өлексесін тауып алған.

Дәл осындай жағдай бір жыл бұрын болған еді. 2022 жылдың 24 сәуірінде өңірде қызғылт қоқиқаздар қырылған болатын. Сол кезде мамандар құстардың қырылуын ауа райының қолайсыздығымен байланыстырды.

Бұл жолы мамандар құстардың қырылуына бір күн бұрын өңірді шарпыған шаңды дауыл себеп болуы мүмкін деп отыр.