Қоғам • 21 Сәуір, 2023

Түркістанда қайтыс болған қыздың өліміне қатысты тың деректер жарияланды

992 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері суару каналынан мәйіті табылған қыз туралы тағы да тың деректер жинады, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістанда қайтыс болған қыздың өліміне қатысты тың деректер жарияланды

Еске сала кетсек, Ордабасы ауданында кеудесіне пышақ жарақаты салынған 9 сынып оқушысының мәйіті  табылды.  

Күдікті ретінде 11 сынып оқушысы ұсталды. Аталған оқиғаға қатысы бар деген екінші күдікті жігіттің жеке басы анықталып, қамауға алынды. Ол - жергілікті тұрғын, жас жігіт.  

Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын  оқиға орнында нақтылап көрсетті. 

Қазір екі жігіт қамауда отыр. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады. Тергеу ісі Түркістан облысы ПД басшылығының жіті бақылауында.