Күдіктілерді Жетісу облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері арнайы жасақ жауынгерлерінің көмегімен ұстаған. Күдіктілер жергілікті кәсіпкерден 15 мың қытай юанін талап еткен.
«Ұйымдасқан топ үш адамнан тұрады. Біреуі - Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі - Алматы облысынан, үшіншісі - Жетісу облысының тұрғыны. Жәбірленуші оларға ақша беру кезінде ұсталды. Олардың біреуінен 9 мм калибрлі 13 патроны бар тапанша (сигналдық) табылып, тәркіленді», деп хабарлады Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.
Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.