Жастар • 24 Сәуір, 2023

Ғылымға серпін беретін – жастар

454 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья жастармен кездесті. Негізгі талқы ғылымды жандандыру, жас ғалымдарды қолдау тақырыбында өрбіді. Академия басшысы жастардың ұсынысы мен ғылымды дамытуға бағытталған жобаларға ашық екенін айтты.

Ғылымға серпін беретін – жастар

Кездесуге келген ғылым док­­­торлары, кандидаттар мен PhD,­ магистр дәрежесі бар түрлі­ сала­дағы жас ғалымдар ғылым­да­ғы­ мәселелерді тізіп берді. Сон­­дай-ақ саланы дамытуға ар­­на­л­­ған ұсыныстарын ортаға салды.

Ғылым бизнеспен етене жұ­мыс істеуі қажет. Жиында осындай­ пікір айтылды. Ғылым мен өнді­ріс қалашығы салынса, оған ғалымдар шоғырланса, қазақ өнеркәсібі мен өндірісі қарыш­тап­ дамиды делінді. «Ғылым және технологиялық саясат тур­а­лы» заң жобасы әзірленіп жатыр. Жаңа заңда академияның, оның ішін­де жас ғалымдардың рөлі тура­лы айтылуы керек. Өйткені Тәуел­сіздік алған жылдан бері елде­гі ғалымдар саны едәуір қыс­қарған. 1991 жылы 40,8 мың болса, қазір 22,6 мыңға жуық ғылым бар екен. Күнсұлу Закарья ғалымның қоғамдағы мәр­тебесін көтеріп, ғылымды таны­туға күш салу керегін еске салды. Осы арқылы елде жас ғалымдар саны артуы мүмкін. Ол тиісінше отандық өнімнің көбеюіне ықпал етеді.

– Ғылымға тың әрі айтулы­ өзге­­рісті жас буын әкеледі. Олар­­дың ой-өрісі де, ойлау жүйе­­сі де басқаша. Сондықтан қазір­ жас­ ғалымдарды қол­­дау­ға бағыт­тал­ған тұжы­рым­­дамаларды сараптап жа­тырмыз. Мақсатымыз – Қазақ­стан­ды ғылымы дамыған елге айнал­дыру. Осы мүдде үшін жұ­мыла жұмыс істеуге дайын­мын деген азаматтарға есігі­міз айқара ашық, – деді Ұлт­тық­ ғылым академиясының пре­зи­денті.

Идеяны өндіріске айнал­ды­ра­­­­ білген білікті маман Руслан Нұр­лыбаев нанотехнология сала­сын­дағы ғылыми зерттеу­лерге құрал­-жабдықтардың жеткі­лік­сіздігін айтса, PhD доктор Азат Сейітхан мемлекеттік грант­тық­ конкурстардың аса қатаң талап­тарын жас ғалымдарға тиім­ді ету жолдары туралы ой бөлісті.

Жиында бас қосқандар ғалым­ды қоғамға танытуды­ бү­гіннен бастау керегін айт­ты. Олардың ғылыми еңбек­те­рінің өзектілігі мен пайда­сын БАҚ, әлеуметтік желі арқылы көрсетіп отыру керек. Сол арқылы бизнес өкілдері, жас ғалымдар өз қажетін табады. Жалпы, ғылым саласындағы ақпа­рат­тандыруды, қазақ тіліндегі контентті дамыту ұсынылды. Теле­арналарда, баспасөз бен интер­нет сайттарда ғылымды қо­л­дайтын тұрақты, арнайы жобалар туралы сөз болды.

Алматы қалалық мәсли­ха­ты­ның депутаттары Рамазан Бекбол мен Әкім Тұрсын қала­лық деңгейдегі ғылым мәсе­ле­леріне белсене атсалысып,­ мәслихат сессияларында көте­руге уәде берді.

Жиында айтылған тағы бір­­­­ ұсы­­ныс – республикадағы ға­лым­­­­­­дардың басын біріктіру. Сала­­­лық бағытта ұлттық қауым­дас­­­­тықтар құрып, үкіметтік дең­­­­гейде қолға алынған өзге­ріс­­терге талдау жасайтын орта қалып­тастыру. Бұған қоса жас ғалым­дардың Ұлттық академия­сын құру бойынша нақты тұжы­рым­­дама мен мүлтіксіз жүйе әзір­леу ұсынылды. Кездесу қоры­тындысы бойынша жас ғалым­дар кезекті отырысқа дейін аталған тұжырымдаманы әзірлемек.