Министрдің айтуынша, азаматтарды нәтижелі және формалды жұмыспен қамтуды ынталандыру үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдерді ұлғайту қарастырылады. Яғни еңбек адамдарын әлеуметтік қорғау деңгейі жұмыс істемейтін азаматтарға қарағанда, едәуір жоғары болады.
«Мысалы, жұмыс істейтін аналар жүктілік бойынша декреттік демалысқа шыққандағы 4 айлық табысын және бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі төлемді жалақысының 40% көлемінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алып отырады. Сондай-ақ осы аралықта оның зейнетақы қорындағы шотына мемлекет тарапынан зейнетақы жарналары аударылады», деді министр.
Ал жұмыс істемейтін аналар бюджеттен тек бала бір жарым жасқа толғанға дейін берілетін жәрдемақыны алады. Оның мөлшері бала санына байланысты болады (2023 жылы 19 872 теңгеден 31 705 теңгеге дейін).