Қоғам • 25 Сәуір, 2023

Түркістан облысында 350-ге жуық трамадол таблеткасы тәркіленді

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері есірткі құралдарының айналымын тоқтату жөнінде жедел-профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізіп жатыр. Аталған іс-шара барысында трамадолды заңсыз сақтауға және халық арасында өткізуге қарсы іс-қимыл бойынша рейд өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында 350-ге жуық трамадол таблеткасы тәркіленді

Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Келес аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, жолдардың бірінде ВАЗ-2107 автокөлігін тоқтатты.

Көлікте отырған жолаушыны тексеру кезінде 200-ден астам трамадол таблеткасын табылып, тәркіленді. Тиісті сараптама тағайындалды. Жедел уәкілдер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетсек, тек екі тәулік ішінде Сарыағаш және Келес аудандарында трамадол препаратын заңсыз сақтау мен сатудың 7 дерегі анықталды.

Полицейлер заңсыз айналымнан 350-ге жуық психотроптық таблетка тәркіледі.

Аталған фактілер ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) мен ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар

Сыр бойына жүгері де жерсінеді

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Цифрлық мәдени мұра

Мирас • Бүгін, 08:30

Үй емес, музей дерсің!

Мирас • Бүгін, 08:20