Қаржы • 26 Сәуір, 2023

Доллар бағамы арзандады

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,95 теңгеге төмендеп, 453,93 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар бағамы арзандады
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақытымен 12:00-де төмендеп, 65,56 теңге (-0,36) болды.

Ұлттық банк еуро бағамын 501,86 теңгеге, ал рубль бағамын 5,59 теңгеге белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 452-455 теңге, еуро 498-503 теңге, ресей рублі 5,4-5,6 теңге аралығында сатылып жатыр.

26 сәуірдегі сауда-саттық барысында мұнай бағасы қымбаттады. Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері барреліне 0,56%-ға өсіп, 81,05 долларға жетті, WTI маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстері 0,67%-ға өсіп, 77,59 доллар болды.