«Қазір елімізде 928 мыңға жуық шетелдік турист бар. Бұл көрсеткіш 2021 жылдан бастап үш есеге жуық өсті. Ал орналастыру орындарындағы отандық туристердің саны өткен жылы 6,4 миллион адамға жетті», деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі нің баспасөз қызметі.
Министрлік 2029 жылға қарай Қазақстандағы ішкі туристер санын 11 миллион адамға жеткізуді көздеп отыр.
Қазақстанға келетін шетелдік саяхатшылар көп уақытын Маңғыстау облысында өткізеді. Орта есеппен басқа елдерден келген қонақтар Каспий теңізінің жағалауында 7 күннен 12 күнге дейін болған.