Қоғам • 26 Сәуір, 2023

Қостанайда арпа орнына бидай әкелудің тағы бір әрекеті тоқтатылды

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Обаған» автомобиль өткізу бекетінде Ресейден бидай әкелудің кезекті әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда арпа орнына бидай әкелудің тағы бір әрекеті тоқтатылды

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қостанай  облысы  бойынша  Шекара  қызметі департаментімен бірлесіп «Обаған» автомобиль өткізу бекетінде Ресейден бидай әкелудің кезекті әрекетінің жолын кесті.

«Бидайды әкелуге тыйым салынғанына қарамастан, шектеуді «айналып өту» мақсатында  сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар  тағы  да 30 тонна бидайды басқа тауармен жасырып, жалған  құжаттармен өткізуге тырысты», делінген Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуірде «Қайрақ» өткізу бекетінде жалпы салмағы 60 тоннадан асатын бидай әкелудің 2 әрекеті тоқтатылған болатын.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға шақырды. Осы бағыттағы  жұмыс әрі қарай жалғасады.