АСТАНА. 10 шілде. Жергілікті тұрғындардың құс етіне сұранысын қамтамасыз ету мақсатында Ақмола облысында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы маркетинг және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бөлімінің басшысы Бекболат Елбергеновтің айтуынша, бүгінде тиісті кәсіпорындар облыс тұрғындарының құс етіне деген сұранысын тек 20 пайызға ғана өтеп отыр. Ал құс шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан жобалардың арқасында облыс халқының құс етіне деген сұранысын 90 пайызға қамтамасыз етуге болады.
Бекболат Елбергенов: «Биылғы жылы Астрахан ауданында «Астраханская птица» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік қуаттылығы жылына 3 мың тоннаны құрайтын жобасын іске асырудың екінші кезеңі аяқталады. Целиноград ауданында Capital Project LTD жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 20 мың тонна ет өндірмек. Оның құрылысы биыл басталды, 2017 жылы аяқталады деп жоспарлануда», – деді.
Сол сияқты, 2014 жылдың қарашасында Ақкөл ауданының Домбыралы ауылында құс фабрикасы ашылғалы отыр. Бұл кәсіпорын іске қосылса, жылына 90 млн. жұмыртқа және 270 тонна құс етін өндіре алады.
Бір айта кетерлігі, жоғарыда аталып өткен жобалардың барлығы Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуда.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: BNews.kz
Фото: strategy2050.kz.
• 10 Шілде, 2014
Ақмола облысында құс фабрикасы ашылады деп күтілуде

Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Кеше
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Кеше