«Мейірім» медалімен балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеу жүйесін дамытуға, жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласын жетілдіруге елеулі үлес қосқан, сондай-ақ балалардың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, балалар үшін қолайлы жағдайлар жасауға, балалар инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін білім беру саласының қызметкерлері және өзге де адамдар марапатталады.
Құжат 16 мамырға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.