Аймақтар • 27 Сәуір, 2023

Ақтөбеде қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы сотталды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде қаржы пирамидасының басшысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы сотталды

26 сәуірде Ақтөбе қалалық №2 сотымен «Центр финанс» қаржы пирамидасының басшысы Б.Томинге айыптау үкімі шығарылды. Ол  6 жылға бас бостандығынан айырылды.

197 салымшыға келтірілген шығын 825 млн теңгені құрады.

Аталған ұйым салымшылар салған ақшаның үстінен 40 пайызға дейін пайдаға кенелетінін меңзеп, 300 мың теңге мен 2 млн теңге арасында қаржы жинап алған, одан бөлек автокөліктерді жоғары нарықтық бағамен сатып алып, оларды төмен нарықтық бағамен сатқан.