фото: polisia.kz
Сәуірдің 27-сі «Құқықтық тәртіп» полиция қызметкерлері «Алматы-Өскемен» тасжолының 912-шақырымында 33 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Toyota» автокөлігін тоқтатты.
Автокөлікті тексеру кезінде жүксалғыштан екі қап пен жеті полиэтилен пакет әртүрлі мұздатылған балық табылды. Алайда ер адамның балық аулауға рұқсат құжаттары болмаған.
Қазіргі уақытта материал Абай ауданы бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына берілді.