Елорда • 27 Сәуір, 2023

«Шекарасыз шыңдар» фестивалі

346 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен сәуір айы Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату айы болып белгіленген. Осыған орай күні ертең Астанадағы «KeruenCity» сауда орталығында аутизммен ауыратын балалар арасында спорттық құзға шығудан фестиваль өтпек.

«Шекарасыз шыңдар» фестивалі

Осы акцияға «Vista» спорт клубы, альпинизм және құзға шығу федерациясы­мен қатар «Qadam Special School», «Autism Qadam» қо­ры қолдау көрсетіпті. Фес­ти­вальдың тақырыбы «Шека­расыз шыңдар» деп аталады. Бұл іс-шараға «Qadam Special School» орталығы­­ның тәрбиеленушілері, яғни ­аутизммен ауыратын балалар өзде­рінің спорттық дағды­ла­рын көрсетеді. Осы мезетте бал­ғындардың ата-аналары «KeruenCity» сауда орта­лы­ғында құзға шығудан бақ сы­найды. Бізге «Autism Qadam» қо­рының президенті Айсұлу Мәжен елде алғаш рет ұйым­дастырылатын фестивальдың мән-маңызы жайында айтып берді.

– Біздің қор аутизммен ауыратын балаларды қолдау мақса­тын­да түрлі жобаларды қолға алып, үйлесімді іс­ке асырып келеді. Оның ішін­де білім беру саласындағы және спорт бағытындағы жобаларды атап өтуге болады. «Qadam Special School» орталығы да тиімділігін көрсетті. Былтыр өзім бас­тап, еліміздегі аутизм­мен ауыратын балаларға ар­нал­ған ал­ғашқы спорттық құз­ға шы­ғу секциясын іске қос­тық. Ен­ді ертең, 28 сәуірде, біз бі­рін­ші фестиваль өткізуді ой­лас­тырдық. Оның мақсаты аутизмі бар балалар спорт­тың осы түрімен табыс­ты айналыса алатынын көрсету болып отыр. Әрине, уақыт сәті­мен еліміздің басқа өңір­лері де біздің бастама­ны қол­дайды деп үміттенеміз, дейді А.Мәжен.

«Qadam Special School» орталығының балалары «Vista» спорт клубы ма­ман­да­­рының көмегімен спорт­тық құзға шығу негіз­дерін иге­ріп жатқанына жылдан асқан. Бұл секция елдегі аутизммен ауыратын балалардың спорттық құзға шығумен айналысуына таптырмайтын алғашқы сек­ция екенін еске саламыз. Қазір осы орталықта 20-ға жуық бала шынығады. «Autism Qadam» қоры бір мезгілде ­14 жаттықтырушыны оқы­­тып, олардың ерекше бала­лар­мен жұмыс істеу дағдыла­рын меңгеруге ықпалдас­қан. Статистикаға зер сал­сақ, кейінгі онжылдықта аутистік спектрінің бұ­зылуы бар балалардың саны он есе артқан. Бүгінде әлемдегі әрбір 36 бала сол қатарға кі­­реді. Аутистік спектрінің бұ­зылуы байқалған балалар­ға жәрдемдесудің кешенді, тиім­ді тәсілдерінің бірі – спортқа баулу. Осы тұста құз­ға шығу спорты барлық бұл­шық ет топтарына белсенді әсер ететін, физикалық бел­сенділікті арттыратын спорт­тың ерекше түрі саналатынын тағы бір еске саламыз. Өйт­кені мұнда балалар епті, төзімді болып, қозғалысын бақылауды үйреніп қоймай, логикалық ойлауын дамыта­ды. Әрі спорттың осы тү­рінде жарақат алу қаупі тө­мен. Жыл ішінде «Qadam Special School» орталығының тәр­биеленушілері жалпы әл-ауқаты мен денсаулық жағ­­дайының айтарлықтай жақ­сарғаны байқалған.