Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 452 – 457 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 453 – 456,5 теңге аралығында құбылып тұр.
27 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,26 теңгеге қымбаттап, 456, 22 теңге болған.
Ұлттық банктің 28 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 456, 21 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,60 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,45 – 5,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,48 - 5,58 теңгеден сатылуда.