Аталған заң жобасының таныстырылымында сарапшылардың айтқан ұсыныс, ескертулері осы құжатты әзірлеумен айналысатын кіші жұмыс топтарының нақты тараулар мен бөлімдердің мазмұнына байланысты жиындарында талқыланып, ескеріледі.
«Бұл реформа Қазақстандағы сәулет, қала құрылысы мен құрылыс жұмыстарын жүзеге асырып, оның қызметін қадағалайтын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы қатынастарды реттеуді көздейді. Сондай-ақ халықтың толыққанды қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды орнықты дамытуға бағытталған», делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінде.