Аймақтар • 30 Сәуір, 2023

Маңғыстауда 356 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылы Маңғыстау облысында пайдаланылмай жатқан 356 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстауда 356 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануды қадағалайтын жұмыс тобы құрылды. Алдын ала жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша өңірде 973 мың гектар ауыл шаруашылығы жері анықталған. Оның 356 мың гектардан астамы мемлекет меншігіне қайтарылған.

Атап айтқанда, Түпқараған ауданында – 85,3 га жер, Мұнайлы ауданында – 26,09 га жер, Бейнеу ауданында – 33,8 га жер, Қарақия ауданында – 171,8 га жер, Маңғыстау облысында – 39,6 га жер, Жаңаөзенде - 10 га жер мемлекетке қайтарылды.

Игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің басым бөлігі «Сенек» ЖШС (288 946 га), «Таушық» ЖШС (247 633 га) және «Қарағантүбек» (212 192 га) жерлеріне тиесілі екені анықталды.