Іс-шараға құрметті қонақтар ретінде Пенджаб провинциясының губернаторы Мұхаммад Балиг-ур-Рехман және Лахор қаласының комиссары Мұхаммад Али Рандхава қатысты.
«Қазақстан үйінде» қазақстандық виза мәселелері бойынша қолдау көрсету мүмкіндігімен қатар туризм, мәдениет, білім беру, сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту бөлімдері ұсынылған.
Пенджаб провинциясының губернаторы М.Балиг-ур-Рехман және Лахор қаласының комиссары М.Әли Рандхава барлық қатысушыларды «Қазақстан үйінің» ашылуымен құттықтап, бұл қадам Қазақстан-Пәкістан қатынастары тарихының жаңа кезеңін белгілейтінін атап өтті. Е.Қыстафин «Қазақстан үйі» екіжақты қатынастарды нығайтуға және екі ел халықтарын жақындастыруға қызмет ететініне сенім білдірді.