Елорда • 30 Сәуір, 2023

ФИДЕ басшысы шахматшылар саябағында ағаш екті

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін астанада Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович шахматшылар саябағында ағаш егу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ФИДЕ басшысы шахматшылар саябағында ағаш екті

Елордада шахматшылар саябағы 2005 жылы ашылды. Дәстүр бойынша қалаға келген әйгілі шахмат шеберлері саябақта ағаш егеді. Бүгін мұнда Владимир Крамник пен Виши Ананд, 2018 жылғы жылдам шахмат бойынша әлем чемпионы Даниил Дубов, Азия чемпионы Динара Садуақасова, Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович ағаш екті.

Рәсімге сонымен қатар Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дармен Садуақасов, КШФ атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова, Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Самат Жылқыбаев қатысты.

ФИДЕ президенті чемпионаттың жоғары деңгейде өтіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол ФИДЕ Қазақстан шахмат федерациясымен серіктестікті жалғастыратынын айтты.