Ғылым • 30 Сәуір, 2023

Қосымша ақы көбейді

256 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында бірқатар заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның ішінде ғылыми қызметкерлерге қосымша ақы төлеу мәселелері де қаралды.

Қосымша ақы көбейді

12 сәуір күні Президент жанындағы Ғы­лым және технологиялар жөніндегі ұлт­тық кеңестің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдардың мәртебесін кө­теру, оның ішінде қаржылық қолдау көр­сету қажеттігін атап өткені есімізде. «Біз ғалымдарымыздың мәртебесін дә­йек­ті түрде арттырып, олардың әлеу­мет­тік қорғалуын күшейтуіміз қажет. Осы мақсатта жоғары оқу орындары мен­ ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің ғы­лыми дәрежелері мен атақтары үшін қо­сым­ша ақыны 1,5 есеге арттыру керек», деген еді Президент.

Сонымен жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлеріне ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар үшін келесідей қосымша төлемдер жоспарланған:

  • философия докторы (PhD), сала бойынша доктор дәрежесі үшін 17 еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде;
  • философия докторы (PhD) ғылыми дә­ре­жесі және доцент, ғылым док­то­ры­­ ғылыми атағы және доцент ғылы­ми­­ атағы үшін 25 еселенген АЕК мөлшерінде;
  • ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі үшін 17 еселенген АЕК, ғылым докторы үшін 34 еселенген АЕК мөлшерінде;
  • ғылым кандидаты ғылыми дә­ре­жесі және қауымдастырылған про­фес­сор ғылыми атағы үшін 25 есе­лен­ген АЕК, ғылым докторы және қа­уым­дас­ты­рылған профессор ғы­лы­ми атағы үшін 42 еселенген АЕК мөл­ше­рінде;
  • философия докторы (PhD), сала бо­йынша доктор және профессор ғылыми атағы үшін, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі мен профессор ғылыми атағы үшін, ғылым докторы ғылыми атағы бар профессорлар үшін 50 еселенген АЕК мөлшерінде.