фото: Павлодар облысы ТЖД
«Яблонька» бақшасында өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 15:19-да түскен.
Өртті жою үшін шақыру орнына Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 33 қызметкері мен 7 техникасы жіберілді.
Шақыру орнына жеткенде, шамамен 6 гектар аумақтағы саяжай мен құрғақ шөптің өртенгені анықталды.
Сонымен қатар, өртті сөндіруге Павлодар орман шаруашылығының күштері мен құралдары (7 жұмысшы, 2 бірлік техника) қатысып жатыр. Оқиға орнында сумен жабдықтау ұйымдастырылған. Өрт сөндіріліп жатыр.