Көшбасшылар қатарындағы ұялы байланыс операторы осы аптада «Шексіз мүмкіндіктер» атты ауқымды республикалық ірі қайырымдылық жобасы аясында балалар үйлерін, мектеп-интернаттарды, мүгедектер үйлерін интернетке тегін жалғауды бастап та жіберді.
Бұл жоба Алматы қаласындағы Мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығының қабырғасында бастау алып, оның компьютерлік сыныбы – жылдам интернетке тегін қосылған алғашқы нысан болды.
– Қазіргідей ақпараттық технологиялар заманында ғаламторға қол жеткізудің қандай маңызды екендігін әрбір адам біледі. Әсіресе, интернаттар мен балалар үйлеріне осы мүмкіндікті туғызып, құқықтарына қол жеткізу ісіне қуана көмектесеміз. Осы бастама аясында интернетті іс жүзінде қажет ететін адамдарға интернет қолжетімді болады. Алдағы 2-3 жыл ішінде әлеуметтік нысандарды интернетке жалғауды жалғастыра береміз, – дейді «2 Day Telecom» ЖШС-нің бас директоры Тұңғышбек Батталханов.
Тұңғышбек Батталхановтың айтуынша, бұл жоба бірнеше кезеңге бөлінеді. Алдымен интернетке аса мұқтаж нысандар қосылады. 2Day Telecom (Beeline) аталмыш мекемелерді интернетпен тегін қамтамасыз етіп қоймай, өңірлердегі кеңселері арқылы осы мекемелерді қамқорлыққа алып, бұл іске ерікті түрде көмектескісі келетін қайырымды жандардың жұмысын жандандырмақ.
Ең бастысы, үшінші кезеңде e-learning форматындағы жұмыстар атқарылмақ. Яғни, балалар үйлері мен мектеп-интернаттар ғаламтор арқылы білім контентіне қосылады. Интернеті бар бала қай жерде отырса да қалаған білімін алып, курстарға қатысып, шет тілдерін меңгере алады. Заманауи білім алуда e-learning рөлі қандай екенін қазіргі жастар жақсы біледі. Бұрын осы формат арқылы білім алу 2 пайыз болса, қазір ол 10 пайызға жетіп қалды. Арзан, әрі тиімді.
Балалардың маңызды бір мәселесін шешіп берген бастама кезінде «АРДИ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Алматы қаласы әкімдігінің Мүгедектер құқығы жөніндегі Үйлестіру кеңесінің мүшесі Әсия Ахтанова: «Балаларымыздың басым көпшілігі үшін кейде интернет – әлемге жол ашатын жалғыз терезе болып табылатындығы, әлемді танып- білу және тілдесу құралы болып табылатындығы құпия емес. Сонымен қатар, интернеттің және ғылым жетістіктерінің арқасында орталықта сауықтырудың жаңа технологиялары пайда болады», дейді.
Сонымен, алдағы бірнеше жылда «Шексіз мүмкіндіктер» ұзақ мерзімді жобасының шеңберінде Қазақстанның барлық қалаларындағы әлеуметтік нысандарды тегін сымды интернетке қосу аяқталады. Ғаламторға тегін жалғанатын мекемелер тізімінде – балалар үйлері, облыстық мектеп-интернаттар, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бейімдеу орталықтары бар. 2014 жылдың аяғына дейін Қазақстанның 6 қаласындағы 8 нысан қосылатын болады.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46
Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:25
Қытайда магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 16:22
Павлодарда фитнес-клубта қуаттағыш құрылғы жарылып, блогер ауыр жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 16:14
«Қазақстан темір жолы» акциялары IPO-ға шығарылады
Қаржы • Бүгін, 15:57
Алматыда дәрігерлер 9-қабаттан құлаған қызды аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:45
Үкімет пойыз арқылы азық-түлік тасымалдағандарға 70 пайыз жеңілдік береді
Инфрақұрылым • Бүгін, 15:40
«Ордабасы» футбол клубы 156,9 млн теңгеге сатылды
Футбол • Бүгін, 15:33
«Қазақмыс» Ұлытау облысындағы геологиялық барлау жұмыстарын күшейтті
Қоғам • Бүгін, 15:24
Алматы облысында ағаштарды кесу кезінде екі жұмысшы жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Халықаралық валюта қоры: Биыл инфляция шамамен 10 пайыз деңгейінде сақталады
Экономика • Бүгін, 15:18
Белгілі айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен жолдасы жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:51