Таным • 02 Мамыр, 2023

Ахмет Байтұрсынұлына араша болған өзге ұлт өкілі жайлы не білеміз?

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оспанбек түбі сарт болса да, нағыз қазақтың оқы­­ғандарының көбіне бергісіз. Саяси іске қатынасып, қазаққа қыз­мет қы­луды өзіне борыш санаған жігіт еді.

Ахмет Байтұрсынұлына араша болған өзге ұлт өкілі жайлы не білеміз?

Оспанбектің қазаққа қыл­ған қызметтерінің бірі мынау: Қар­қаралыда пошта-телеграф канторында тұрған уақытта Ахмет Байтұрсыновтың үстінен хүкіметке қарсы адам деп көрсеткен шағым бойынша Семей жанаралы Қар­қаралының үйезіне телеграм берген: «Ахмет Байтұрсынұлының үйін тінтіп, абақтыға жап» деп. Бұл телеграмды өзге шенеуніктерден Оспанбек бұрын біліп, жүгіріп маған келіп айтты: «Ақаңа барып, тезірек хабар бер. Хүкіметке қарсы қағаздарын тықсын!» деп. Мен барып Ахметтің бар кітап-қағаздарын алып, таң атқанша Қарқаралының тасына апарып, Оспанбек екеуіміз тығып едік. Ертеңінде Ахметті тін­тіп, түк таба алмаса да, Семейге айдап жіберіп еді.

Шынжы Керейбаев

«Сарыарқа» газеті, 2 йануар 1918 жыл, №27

 

Әзірлеген

Абай Мырза, мұратанушы