Саясат • 02 Мамыр, 2023

Сенаторлар авторлық құқықты қорғау туралы заңды талқылады

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаторлар Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаторлар авторлық құқықты қорғау туралы заңды талқылады

Келісім ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағындағы интернет-ресурстарда авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану мәселелерін реттеуге, авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдаланудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға, сондай-ақ уәкілетті органдардың құқық иелерімен ынтымақтастығын тереңдетуге бағытталған.

Сенаторлар бұл заң ақпараттық-телекоммуникациялық желілердегі авторлық құқық және сабақтас құқық объектілері құқықтарының бұзылуына қарсы іс-қимылдың құқықтық тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті.