Аймақтар • 02 Мамыр, 2023

Балықшылар бәсекесі

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқар­масы мен «Қызыл жұлдыз» спорттық балық аулау фе­дера­циясының бірлесе ұйымдастыруымен Жам­был ауда­­нының аумағындағы Тасөткел кө­лінде тұқы ау­лау­дан тұңғыш рет өңір чемпионаты ұйымдасты­рылды.

Балықшылар бәсекесі

Бірінші рет қолға алынған өңір чемпионатына облыстың әр қиырынан келген жеті команда қатысып, өзара кім мықты деген сауалға жауап іздеді. Жеті команданың намысын қор­ғаған он алты балықшының қай-қайсысы да жеңістің биік тұғырынан көрінуге күш салды.

Чемпионат қорытындысында қарсыластарынан оқ бойы озық болған, құрамында Ғабит Игіліков, Елнұр Тайтелиев секілді тәжірибелі балықшылар топтасқан «King Carp» командасы топ жарса, «carp NRG» командасы күміс жүлде­гер атанды. Ал үздік үштікті «Zhambyl carp club» командасы түйіндеді.

Ұйымдастырушы тарап додаға қатысқан командалардың ішінде ең ірі балық аулаған командаға «big fish» кубогін тапсырды. Аталған кубок салмағы 10 килограмм 520 грамды құрайтын алып балықты қармағына түсірген «Кing carp» командасының жігіттеріне бұйырды.

Үш күнге созылған өңір чемпионатының қорытын­ды­сында жалпы салмағы 200 килограмм балық ауланса, жарыс ережесіне сәйкес қармаққа ілінген балықтың барлығы да көлге қайта жіберілді.

 

Жамбыл облысы