Саясат • 03 Мамыр, 2023

Астана мен Душанбе арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана мен Душанбе арасындағы әуе қатынасы қайта жандануы мүмкін. Бұндай мәліметті  Қазақстан-Тәжікстан бизнес форумында Тәжікстан Премьер-министрінің орынбасары Сулаймон Зиезода айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана мен Душанбе арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады

Оның айтуынша, екі елдің арасында көтерме-тарату орталықтарының құрылысына қатысты келісімдерге қол қойылған. Аталған орталықтар Қазақстанға қажетті жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Тәжікстан Үкімет басшысының орынбасары өткен жылы 2 млн 700 мың тонна жеміс-көкөніс, миллион тонна жеміс-жидек пен жүзім жинағандарын атап өтті. Оның ішінде Қазақстанға 26 мың тонна жүзім экспортталды. Ауылшаруашылық тауарларын жеткізу құрылымы жылдан жылға артып та келе жатыр.

«Бүгін бизнес форумда үкіметаралық комиссия Душанбе мен Астана арасында әуе қатынасының қайтадан жанданатыны жайлы айтты. Меніңше, бұл мәселе шешіледі», деді Сулаймон Зиезода форум аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше