Спорт • 04 Мамыр, 2023

«Канело» және оның бауырлары Гиннестің рекордтар кітабына енді

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл рекорд 2008 жылы жасалғанымен, Альварестер отбасы Гиннесс рекордтар кітабының ресми өкілдерінен сертификатты енді ғана алды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Канело» және оның бауырлары Гиннестің рекордтар кітабына енді

Бір бокс кешінде Альварес әулетінің жеті өкілі рингке шыққан.

Еске салайық, 2008 жылы Мексикада Сауль «Канело» Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан болатын. Дәл осы бокс кешінде, Канелодан бөлек, Альварес әулетінің өзге тағы алты мүшесі өнер көрсеткен болатын. Олар: Ригоберто Альварес, Рамон Альварес, Рикардо Альварес, Гонсало Альварес, Даниэль Альварес және Виктор Альварес.