Экономика • 04 Мамыр, 2023

Балық өсірумен айналысатын фермерлер субсидия ала алмайды - сенатор

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балық шаруашылығы саласының қызметкерлері шығындарының 50%-дан астамын жабатын субсидия ала алмайды. Сенатор Сәкен Арубаев осы мәселе туралы еліміздің Премьер-министрінің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балық өсірумен айналысатын фермерлер субсидия ала алмайды - сенатор

Депутат атап өткендей, мәселенің себебі Жер кодексінің қайшылықтары мен балық шаруашылықтарының мәртебесінің белгісіздігі. Осыған байланысты шаруалар шығындарының жартысынан көбін жабатын субсидияларды рәсімдеу кезінде қиындықтарға тап болады.

«Балық шаруашылығы құрылысы үшін жер учаскесін табыстауға да және балық шаруашылығы қай салаға жатқызылатындығы да Жер кодекісінде, басқа да құқықтық нормативтік актілерде нақтыланбаған.  Соның салдарынан, Жамбыл облысының балық шаруашылықтары   2021 – 2030 жылдарға арналған  мемлекеттік қолдау шарасы шеңберінде шығыстардың  50 пайызына дейін жабатын аса қажетті заңды субсидиялар ала алмайды. Еліміздегі балық шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесін табыстау және олардың нысаналы мақсатын ауыстыру мәселелері бойынша қолданыстағы жер және су заңнамаларына тиісті түзетулерді енгізуді сұраймын», деді сенатор Министрлер кабинетінің басшысына.