Бокс • 04 Мамыр, 2023

Әлем чемпионатына Қытай атынан қатысқан қазақ боксшысы қарсыласын ойсырата жеңді

2293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қытай сапынан жұдырақтасатын қазақстандық Данабек Байғазы сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионатына Қытай атынан қатысқан қазақ боксшысы қарсыласын ойсырата жеңді

Қазақ жігіті аса ауыр салмақта (+92 кг) армениялық Давид Чалоянмен кездесті.

Бұл жекпе-жекте фаворит саналған Д.Чалоян 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері еді. Соған қарамастан, ауыр соққылар өткізген армениялық спортшы бірінші раундта ұтылды. Есеп - 0:5. Екінші кезеңде есе қайырғандай көрінгенімен, төрешілер жекпе-жек қорытындысына сәйкес жеңісті Данабекке берді.

Айта кетсек, бүгін аса ауыр салмақта қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев рингке шығады. Оның қарсыласы – ресейлік Алексей Дронов.