Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей өңірлерде бұршақ күтіледі. Шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады.
«Түнгі уақытта еліміздің басым бөлігінде 1-7 градус үсік сақталады. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады», делінген хабарламада.