ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус 2020 жылы басталған COVID-19 пандемиясының аяқталғанын жариялады. Бұл туралы ол Женевада өткен брифингте айтты.
«Кеше Төтенше жағдайлар комитеті өзінің 15-ші кездесуін өткізді. Онда сарапшылар маған коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдайдың аяқталғанын жариялауды ұсынды. Мен бұл ұсынысты қолдаймын», деді ДДҰ басшысы.
Оның айтуынша, пандемия кезінде коронавирустан 20 миллион адам қайтыс болды. Осы уақытқа дейін 765,2 млн адам індет жұқтырды.
Еске сала кетейік, ДДҰ COVID-19 пандемиясын 2020 жылдың 11 наурызында жариялаған еді.