Қоғам • 06 Мамыр, 2023

Асық ойнаған азбайды

796 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халқымыздың «Асық ой­наған азар, доп ойнаған тозар» дейтін мәтелінің ес­кіргенін қазіргі уақыт дә­лелдеп отыр. Өйткені жасыл алаңда доп қуа­лағандардың қандай құр­метке бөленетіні белгілі. Бү­гінде асық ойнағандар да ардақтала бастады.

Асық ойнаған азбайды

Отан қорғаушы күні қар­саңында Ұлытау облысы бойын­ша «Асық – асыл қазына» деген атаумен асық ойындарының челленджі өткізілді. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұй­ым­дарындағы балалар мен ере­сек­тер арасында асық ойындарын кеңінен насихаттау арқылы ұлтымызға тән құндылықтарды дәріптеу, ұлттық ойындар ар­қылы балаларды дәлдікке, мер­гендікке, ептілікке тәрбиелеу мақсатын көздеген челленджді об­лыстық білім басқармасы жа­нындағы Әдістемелік орталық ұйымдастырды.

чнао

Челленджге облыстың бар­лық балабақша, мектеп және кол­ледждерінің тәрбиеленушілері, оқу­шылары және студенттері қатысты. Сонымен қатар педагог­тер мен ата-аналар үшін жеке алаң­дар ұйымдастырылды.

ар

– Біз мұндай іс-шараны облыста алғаш рет ұйымдастырып отырмыз. Аталған іс-шараға қа­тысушылардың саны 10 мыңнан асып жығылды. Асық – өте ертеден келе жатқан, баланың ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ши­рақтылыққа, ұстамдылыққа, ал­ғырлыққа, сыйластыққа тәр­биелеген ұлт ойындарының бірі. Алғашқы ойындардан-ақ көп­шіліктің зор қызығушылығы танытқаны байқалды. Мүмкін күзге қарай тағы да жалғастыратын шығармыз, – дейді аталған ор­талықтың қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің басшысы Сымбат Құлмағамбетова.

 

Ұлытау облысы