«Қаланың саябақтары мен қоғамдық кеңістіктеріне ревизия жүргіземіз. Сынған орындар, қураған ағаштар бар, сол сияқты суару жүйесі барлық жерде дұрыс жұмыс істемейді.
Әріптестеріммен бірге бірқатар саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді, оның ішінде Көктал елді мекеніндегі саябақты, орталық саябақты, уанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының іргелес аумағын аралап шықтық. Сондай-ақ Ақбұлақ өзенін тазарту бойынша жұмыс жоспары талқыланды.
Қаланы көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз, мәселен көрікті орындар мен мәдени нысандарға іргелес аумақтарды да көгалдандырамыз. Алайда мердігерлердің бәрі бірдей жауапкершілігін сезіне бермейді. Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының жанында қоғамдық кеңістік салып жатырмыз. Қазір ағаш отырғызу жұмысында кемшіліктер бар. Бұл проблеманы жақын арада ретке келтіруді тапсырдым», деп жазды елорда әкімі.
Оның айтуынша, қолданыста бар саябақтар мен қоғамдық кеңістіктердің жай-күйіне көңіл бөліп қана қоймай, жаңа аулалар мен қоғамдық кеңістіктер (гүлзарлар, желекжолдар) салынады.