Бокс • 08 Мамыр, 2023

Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәкен Бибосынов  Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдың 1/16 кезеңінде Үндістан боксшысы Дипак Кумарға қарсы жұдырықтасты. Жекпе-жек  үш раундқа созылды. Төрешілердің  шешімімен Қазақстан боксшысы жеңіліп қалды.

Бибосынов - 2021 жылғы әлем чемпионы. Ол сондай-ақ 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған.