12 Шілде, 2014

Елордалықтар сенімінен шығуға ерекше ұмтылыс танытамыз

311 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
фото  генарал Астаны А.АубакировКез келген қаланың имиджі – архи­тектуралық және мәдени құн­ды­лықтардан бөлек, адамдар­дың бейбіт өмірі мен тұрғындардың қауіпсіздік жайы, тыныш тұрмысы болып табылады. Бұл орайда Мемлекет басшысы «Қазақстан 2050 – бір мақсат, бір мүдде, бір бо­лашақ» атты Жолдауында құқық қорғау жүйесіне ерекше міндет артты. Өйткені, еліміздің әлемнің дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін ең басты мақсаты да әді­лет­тілік пен заң үстемдігін және жоғар­ғы құқықтық мәдениетті қа­лып­тастыра алуы дейміз. Міне, осы орайда Астана қала­лық ішкі істер департаменті алға қой­ылған мақсаттардың орын­далуы жолында зор жауап­кер­шілікті сезініп, басымды мін­деттерді жүзеге асыру үстінде. Әсі­ресе, күзет тәртібінің күшеюі­не, қоғамдық қауіпсіздіктің сақ­талуына және елордамыздағы құқық бұзушылыққа қарсы әрекеттерге баса назар аударылады. Өйткені, елордада бәрінен бұрын ондағы тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіз де, жайлы өмірі маңызды орын алады. Қылмыстарды ашудағы же­дел­ділік – полицейлердің кәсіби деңгейінің жоғарғы көрсеткіші. Ал астаналық полиция ең ауыр қыл­мыстарды аша отырып, кәсіби деңгейлерін сан мәрте дәлелдеді. Белгіленген шаралардың нәти­жесінде елордамыздағы крими­налды жағдайлар қаупі барынша бәсеңдеді. Ағымдағы жылы атқарылған шаралардың нәти­же­сінде қаладағы қылмыстық дең­гейдің төмендеуіне қол жеткіздік, аса ауыр 24 пайызға төмендесе, оның ішінде тонау, бұзақылық, т.б. қылмыс түрлері бар. Бүгінде Астана аса қарқынды даму үстінде, оның келбеті күн өткен сайын тамсандырып, таңдай қақтырар шаһарға айналуда. Соған қоса, жасыратыны жоқ, қауіпсіздік қызметі де әрдайым жаңа амал-тәсілдерді, заманауи жобаларды қажет етуде. Мәселен, осындай жобалардың ең көлемдісі, 2015 жылға дейін 30 мың бейнекамералар қондырылмақ. Бұл камералардың барлығы ІІД жедел басқару орталығына қосылып, құтқару, жедел жәрдем, төтенше жағдай кездерінде жұмысты барынша жеңілдетуге септігін тигізеді. Астана қаласының әкімі Иман­ғали Тасмағанбетовтің тапсырмасы бойынша «Қауіпсіздік шеңбері» жобасы аясындағы жұмыстар аяқталуда, бұл жұмыстардың қатарына елордамыздағы жаңадан тұрғызылған аудандарды бейнекамералармен қамтып, 102 қоңырау шалу арнасына шығатын дабыл қондырғысымен жабдықтау жоспарлануда. Қазіргі таңда Астана қаласында 700-ге жуық стационарлық бейнебақылау жүйесі орнатылған. Бұлардың көмегімен 160-тан астам қылмыс ашылып, 18 мыңға жуық әкім­шілік-құқықбұзушылық және 8 мыңдай жол жүру ережесін бұзу анықталды. Ішкі істер департаментінің бас­ты міндетінің бірі – құқық бұзу­шылықтың алдын алу мен қо­ғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Соның ішінде, жастар арасындағы қылмыстардың алдын алуға аса мән беріледі. Қалалық жоғары оқу орындарының басым бөлігінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмекші ретінде жастар жасақтары құрылған. Олардың арнайы киім үлгісі мен куәліктері бар. Қоғамдық қауіпсіздікті қам­та­масыз ету мақсатында қаламызда­ғы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының жетекшілері және студенттерімен кездесулер ұйым­дастырылды. Студенттік тәртіп сақтау мүшелеріне арнайы униформалар тігілді. Кәмелетке толмағандар үшін қосымша арнайы тренингтер мен дәрістер өткізетін «Жас арлан мектебі» жобасының жүзеге асырылуы жалғасын табуда. Жоба, ең алдымен, жасөспірімдерді құқықтық білімге, патриоттық және рухани тәрбиеге насихаттауға бағытталып, негізгі дайындықты қамтамасыз етуге арналған. 2012 жылдан бастап ІІД жетек­шілігімен елордалық поли­цей­лер мен еуропалық полиция қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу жұмыстары іске асырылуда. Жыл сайынғы өткізілетін конференцияларда қалалық полиция органдарының негізгі проблемалық мәселелері талқыланады. Ағымдағы жылда 40 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, олардың ішінде ұсақ құқық бұзушылық үшін 345 адам әкімшілік жауапқа тартылды. 40 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Әлбетте, тек әкімшілік шаралармен шектелсек, құқық бұзушылықпен күрес айтарлықтай жетістікке жетпес еді, сондықтан қоғамдық ұйымдар мен еріктілерді, БАҚ-ты жұмыс барысына тартудамыз. Осы орайда елорда тұрғындары барынша түсіністік танытып, қолдау білдіруде. Соңғы уақыттарда байқаға­ны­мыздай, халықтың қоғам­дық орындардағы құқық бұзушы­лық­тарға деген көзқарастары өзгерген. Азаматтардан электронды портал және Интернет сайттары арқылы күнделікті құқық бұзушылық жай­ындағы келіп түскен хабарлар дер кезінде қаралып, тиісті шаралар қолданамыз. Жол қозғалысындағы қауіп­сіздікті қамтамасыз ету де маңызды орынға ие. Бас қаламыздағы жол қауіпсіздігі толықтай бақылауда деуге болады. Жылдың басынан бері жүз мыңнан астам жол жүру ережесін бұзу дерегі тіркелген, 800-ге жуық жүргізушілер мас күйінде ұсталған. Жолда жүру ережесін бұзғандарға 700 млн. теңгеден астам айыппұл салынған. Жол-көлік оқиғаларын жақ­сар­ту мақсатында елорда әкімші­лігінің бастамасымен интеллектуалды транспорттық жүйе жұмыстарының бірінші сатысы жүзеге асырылуда. ITC аясында Сарыарқа және Тұран даңғылдарында қазірдің өзінде 14 «ақылды» бағдаршам орнатылды. Тағы 42-сі сол жағалаудың алты көшесінде салынбақ. Бұл бағдаршамдар автоматты режімде жұмыс жасап, көлікке өздері бағдар беріп отырады. Сонымен қоса, арнайы автотранспорттарды (өрт сөндіруші, жедел жәрдем) жүргізуге арналған жоба қарастырылуда. Ол «GPS»- жүйесінің көмегімен төтенше жағ­дай көліктерінің жеделділігін елу, жетпіс пайызға дейін арттырады. Елбасымыз 2014 жылдың 17 қаңтарындағы Жолдауында атап өткендей, «Құқық қорғау сала­ларының қызметкерлері мінсіз тәр­тіп пен жоғарғы кәсібилі­гімен ерекшеленулері тиіс». ЭКСПО-2017 халықаралық көр­ме­сін өткізу барысында қауіп­сіз­дікпен қамту шараларын­да да бізге жауапты міндеттер жүктел­мек. Күзет тәртібінің жоғарғы деңгейде болуын қамтамасыз ететін және объектілердің анти­тер­рорлық қауіпсіздігін нығайту бағытындағы арнайы шаралар жиынтығы қабылданды. Халық пен полицияның ын­ты­мақтаса тығыз жұмыс істеуі мақсатында «Алматы» және «Сары­арқа» аудандарында по­лиция бөлімшелері ашылды. Қоры­тындылай келе тілге тиек етеріміз, халықтың полиция қызме­тіне деген сенімінің деңгейі анықталды. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, Астана тұрғындарының 75 пайыздан астамы полиция қызметкерлерінің еңбектеріне деген сенімін ашық білдірген. Бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Демек, алға қойылған міндет орындалуда деген сөз. Амантай Әубәкіров, Астана қаласы ішкі істер департаментінің бастығы,  полиция генерал-майоры.