Спорт • 09 Мамыр, 2023

Әлем чемпионаты: Дулат Бекбауов үндістандық боксшыны жеңді

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан боксшысы Дулат Бекбауов Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионаты: Дулат Бекбауов үндістандық боксшыны жеңді

67 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Д. Бекбауов үндістандық Акаш Сангванмен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Дулат Бекбауов Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Бекбауов 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ өткен жылы ол «кіші әлем чемпионатында» күміс медаль жеңіп алған еді.