81 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қандасымыз жұлқа көтеру жаттығуында алдына жан салмады. Алғашында 147 және 151 килолық зілтемірді тік көтерген ол үшіншісінде тапсырыс берген салмағын тағы төрт килоға арттырды. Себебі қарсыластары да одан қалыспай, өкшелеп келе жатқан. Олардан озу үшін тәуекелге баруға тура келді. Иә, 155 килолық зілтемірді еңсеру Еламанға оңай болмағаны рас. Ол әрлі-берлі теңселіп барып, ақырында көздеген мақсатына қол жеткізді. Осылайша, Сейітқазы кіші алтын медаль иеленді.
Өкінішке қарай, жаттығудың екінші түрінде қазақ ауыр атлеті сенім үдесінен шыға алмады. Серпе көтеруде Еламан Сейітқазы үш мүмкіндігін де пайдалана алмай, жарыс жолынан шығып қалды.