Бокс • 11 Мамыр, 2023

Бокстан әлем чемпионатында қай ел көш бастап тұр?

10088 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер аяқталды. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының бес спортшысы 2023 жылғы әлем чемпионатының финалына шығуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокстан әлем чемпионатында қай ел көш бастап тұр?

Енді жартылай финалда 18 елден барлығы 52 боксшы күш сынасады. Дәлірек айтқанда, Өзбекстаннан 9, Куба мен Ресейден 6 боксшыдан, Қазақстаннан 5, Грузия, Франция, Испания мен Үндістаннан 3 спортшыдан, Армения, Моңғолия, Бразилия, Әзербайжаннан 2 спортшыдан, Иордания, Қырғызстан, Қытай, Мексика, Италия, Тәжікстаннан 1 спортшыдан бақ сынайды. 

Айта кетейік, жартылай финалдағы кездесулер 12 мамырда өтеді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының бес өкілі 2023 жылғы әлем чемпионатының финалдық сынына жолдама алғанын хабарлаған едік.

Өкінішке қарай, бұл жарыстан сегіз боксшымыз шығып қалды, олар: Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін), Серік Теміржанов (57 келіге дейін), Талғат Сырымбетов (60 келіге дейін), Санатәлі Төлтаев (63,5 келіге дейін), Нұрқанат Райыс (75 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (86 келіге дейін), Айбек Оралбай (92 келіге дейін) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі).

Айта кетейік, чемпионаттың финалы 13 мамырда өтеді.