Қаржы • 11 Мамыр, 2023

Доллар бағамы қымбаттады

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.

Доллар бағамы қымбаттады

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,12 теңгеге көтеріліп, 444,22 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 11 мамырдағы бір долларға арналған ресми бағамы 444,16 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 441,59 теңгеден сатып алынып, 445,63 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 443,43 теңге, сату – 446,60 теңге.